Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді
Соңғы бес жылда қазақстандық университеттердің әлемдік деңгейдегі позициялары тұрақты өсіп келеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазір QS рейтингіне еліміздің 27 жоғары оқу орны енген. Оның бірқатары топ-300-діктің қатарында. Тағы бірнешеуі топ-500 және топ-200-дікке кірген. Үздік нәтижелердің бірі – Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоғары оқу орны 163-ші орында тұр. Сондай-ақ алғаш рет қазақстандық бес жоғары оқу орны Times Higher Education рейтингінде әлемнің үздік 300-400 университеттер тобына ұсынылған. Осыған дейін министр Саясат Нұрбек отандық жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыру және оларды халықаралық рейтингтерде ілгерілету бойынша жұмыс жалғасып жатыр, деді.
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04