670 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
Алматыда дәл қазір 670 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Олар дауыс берушілер үшін сақадай-сай. Қазір учаскелердің бірінен алматылық әріптесім Жазира Оразқызы тікелей эфирге қосылады. Жазира, қайырлы таң! Алматылықтар дауыс беруді бастап кетті ме?
Жазира Оразқызы, тілші:
Қайырлы таң, Алла! Алматыда да Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды. Мен дәл қазір №538 сайлау учаскесінде тұрмын. Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, алып шаһарда 9 аумақтық комиссия , сондай-ақ 670 учаскелік сайлау комиссиясы жұмысын бастады. Қалада сайлауға қатысуға құқығы барлар саны 1 млн 329 мың адам. Олар бүгін таңғы 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс беріп, өз таңдауын жасайды. Әрине, бүгін ел үшін маңызды, айтулы, тарихи күн. Комиссия мүшелері әрбір алматылық өз таңдауын жасап, елдің болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді деген ойда. Дауыс беру учаскелерінде ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Учаскелер талапқа сай жабдықталған. Алматы әкімдігі жүріп-тұруы қиын азаматтарға «Инватакси» қызметін ұсынады. Сайлау күні 170 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетеді. Оның 36-сы арнайы жабдықталған көлік болса, 134-і - жеңіл автокөлік. Қазірдің өзінде учаскелерде әр жастағы азаматтарды көруге болады: жастар да, аға буын өкілдері де өз азаматтық парызына адалдық танытып, дауыс беріп жатыр.
Жазира Оразқызы, тілші:
Қала тұрғындары тізімде бар-жоғын тексеріп, учаске мекенжайын бірнеше тәсілмен біле алады. Мысалы, бірыңғай 109 Call-орталыққа хабарласып немесе онлайн-сервис және Telegram-бот қызметтері арқылы ақпарат ала алады. Ал біз күні бойы ақпарат таратамыз.
Автор
Жазира Оразқызы
Читайте также
Все
Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07
Ақмола облысында 2 сүт-тауарлы ферма іске қосылады
24.11.2026, 17:05