Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы қысымды күшейтіп келеді. Осыдан бірер сағат бұрын АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент Ислам Республикасына «тарихтағы ең қатаң санкция» салынатынын мәлімдеді. Оның ойынша, бұл қадам Иранға қарсы ірі әскери операцияға қажеттілікті азайтады. Дегенмен Бессент жаңа шектеулердің мән-жайын түсіндірмей, ол туралы келесі аптада толығырақ айтатынын хабарлады.
Айта кетсек, бұның алдында президент Дональд Трамп Иранға экономикалық соғыс жариялады. Оның ескертуінше, Тегеранға қандайда бір көмек көрсеткен елдер сол жәрдемнің экономикалық зардабын тартады. Ал қарсы жақтың мәлімдеуінше, Трамптың бұл қысымы да сәтсіздікке ұшырайды.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10