Шымкентте 38 мың абонент жарықсыз қалды
Шымкентте 38 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды. Сағат 14:37-де 110 кВ-тық электр желісіндегі апат салдарынан төрт әуе желісі ажыраған. Қаланың орталығы мен оңтүстік-батыс бөлігінде электрмен жабдықтау тоқтады. Бірқатар көшеде бағдаршамдар істемей, көлік кептелісі пайда болды. Кей аудандарда ұялы байланыс пен интернет сапасы да нашарлаған. Ажыратылған жүктеменің жалпы көлемі шамамен 197 мегаватты құрады. Оңтүстік өңірде электр қуатына шектеу енгізілді. Қазір «KEGOC» пен «Оңтүстік Жарық Транзит» мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп жатыр.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04