Премьер-министр деректерді өңдеу алқабына қатысты жиын өткізді
Павлодарда салынып жатқан Деректерді өңдеу орталығы алқабындағы алғашқы нысан келесі жылы маусымда іске қосылады. Қазір энергия орталықтарының іргетасы қалана бастаған. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Үкімет басшысы құрылыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті.
300 мега ваттық Екібастұз бассейініндегі жаңа дата-орталықта отандық кәсіпорындар ғана емес, шетелдік компаниялар да орналасады. Еліміздегі деректерді өңдеу орталықтарын біріктіретін кластерді жасақтауды Президент Қызылордада өткен құрылтайда тапсырған еді. Ауқымды жобаға Екібастұздың іргесінен 200 гектар жер бөлінген.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04