Павлодарда қамалған кәсіпкер ауруханаға жатқызылды
Павлодарда кәсіпкер Александр Терентьев қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, шілденінің 20 күні бизнесменнің иелігіндегі «Aqtogai Milk» тауарлы сүт фермасында алты адам қайтыс болған еді. Тағы бір адам ауруханада жатыр. Алдын ала мәліметке қарағанда, олар малдың қалдықтары жиналатын «улы ұраға» жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін түсіп, аммиак иісіне тұншыққан. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу әлі жүріп жатыр. Күдікке ілінген кәсіпкер тергеушінің шешімімен қамалды, алдағы екі тәулікте сот оған қатысты бұлтартпау шарасының мерзімін белгілеу керек болатын. Осы ретте бір айта кетері, уақытша ұстау изоляторында күдіктінің халі күрт нашарлап, ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04