Абайды Мәскеуде де ұлықтады
Абайдың туған күні Мәскеуде де аталып өтті. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері, қандастар, студенттер ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Жиналғандар ақынның өлеңдерін, қара сөздерін оқып, әндерін шырқады. «Ұлы ойшылдың шығармаларын шетелде кеңірек насихаттауымыз керек», - дейді шараға қатысушылар. Жалпы ағартушыға арналған шара мұнымен толастамақ емес, Ресей астанасы мен өңірлерде Абайға арналған конференциялар, жыр мүшайралары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04