Медициналық қызметтің 90% былтыр онлайн көрсетілген
Елімізде медициналық қызметтердің басым бөлігі цифрлық форматқа көшті. Былтыр ел бойынша көрсетілген 215 миллионнан астам көмектің 90 пайызға жуығы онлайн ұсынылған. Технологиялық серпіннің арқасында қазір 12 түрлі анықтаманы электронды түрде алуға болады. Сондай-ақ өткен жылы 5,6 миллион азамат дәрігер қабылдауына онлайн жазылған. Инновациялық шешімдер диагностикалық тексерулерді күту уақытын да қысқартуға мүмкіндік берді. Мәселен ауру ошақтарын зерттеуге кезек күту мерзімі үш айдан екі аптаға дейін қысқарған. Ал биылдан бастап 7 миллионнан астам бала, 5 миллионға жуық әйел және 400 мың жүкті әйелдің денсаулығын цифрлық жүйе арқылы бақылау жоспарланып отыр.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04