Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
Елордадағы «Жетісу» саябағында тәртіп сақшылары мен аудан әкімдігі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс барысында қоғамдық орындарда айналасын ластамай, тазалық сақтау
талаптарын сақтау керектігі ескертілді. Әсіресе саябаққа келіп демалғаннан
кейін қоқыстарды жинап кету қажет. Саябақтың тазалығына әр келген демалушы
жауапкершілікпен қараса дейді жауаптылар. Ал құқық бұзған азаматтарға 10 айлық
есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Әли Жолтабар, Есіл ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы:
«Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары бойынша бүгінгі рейд жасалып жатыр. Бүгінгі рейдтің басты рөлі бұл деген адамдарға тазалықты жеткізу, тазалықты дәріптеу жайлы жеткізу. Бұл шараларымыз бізде жиі өтеді. Егер де ондай фактілер болса, қоқыс тастау бойынша, онда 434-бап бойынша айыппұл төлейді.
Автор
Гүлбану Әниятқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04