Astana Open: Теннисшілеріміз сәтті өнер көрсетуде
Астанада өтіп жатқан World Tennis Tour M15/W15 Asu Open халықаралық турнирінің екінші аптасы қазақстандық спортшылардың жеңісімен басталды. Ерлер арасындағы жекелей сында Дамир Жалғасбай алғашқы айналымда қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Әйелдер арасында Ева Корышева үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңіске жетті. Жұптық сында Ілияс Маратұлы мен Арсений Требухин, ал әйелдер арасында Альбина Какенова мен Анастасия Крымкова алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Сондай-ақ Ева Корышева – Сатима Төреген және Асылжан Арыстанбекова – Іңкәр Дүсебай жұптары да жарысты жалғастырып жатыр. Турнир 8 тамызға дейін жалғасады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04