Ресейде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытыла бастады
Ресейде қазақ тілі бірқатар мектепте міндетті пән ретінде оқытыла бастады. Себебі ана тілін жетік меңгеруге талпынған қандастардың саны артты. Алтай Республикасының Қосағаш мектебінің ұстаздары бірнеше жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша арнайы оқу-әдістемелік құралдар әзірлеуде. Білікті мамандар ізденіп, қазақ тілі оқулықтарын шығаруға атсалысты. Омбы облысындағы 11 мектептің оқушылары да қазақ тілі мен әдебиеті пәнін осы кітаптармен оқиды. Түмен облысындағы қандастар да осы оқулықтарды пайдалануда.
Хәлел Омаров, Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өкілі:
Арамызды мұғалім, ұстаз болатын кісі аз. Басқа жерге оқуға Қазақстанға жіберіп, соларды шақыртып алып оқытып жатыр. Әр ауданда мұғалімдеріміз бар, бірақ бір-бірден ғана.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04