1,8 млн гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріне шегірткеден зиян келген жоқ. Елде 2024 жылы 3 млн гектар алқапта үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары жүргізілген еді. Былтыр 2 млн 700мың гектар болса, биыл 1 млн 800 мың гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен шегіртке азайды екен деп, оған қарсы күрес саябырлап жатқан жоқ. Өңдеу жұмыстарына 556 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайыз артық. Зерттеп-тексеру іс-шараларына шамамен 3,5 мың адам қатысты. Бұл ретте жасанды инттелектінің игілігі мен дрондардың көмегі жұмысты әлдеқайда жеңілдетіп тұр.
Сәкен Қаныбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
Әр дронның мүмкіншілігі 5 мың гектар бір күннің ішінде мониторинг жүргізіп беру. Бұл қанша дегенмен тиімді. Себебі таудың етегі болса да және көлік бара алмайтын жерлерге мониторинг жүргізуге болады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04