Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа вакцина шығарылды
Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа препарат пен вакцина шығарылды. Олар қан қатерлі ісігін емдеуге арналған. Сонымен қатар, ағзада ісікке қарсы иммунитет қалыптастыра алады. Компания әзірлеуге 5 миллиард рубль жұмсаған. Ал әлемдегі алғашқы вамотиниб негізіндегі препарат клиникалық сынақтан өтіп, енді дәріханаларға таратыла бастады. 2028 жылдан бастап өзге мемлекеттерге экспорттала бастайды.
Андрей Продеус, Медицина ғылымдарының кандидаты:
Жалпы дәрі-дәрмекке бақылау күшейеді. Тек клиникалық сынақтан өткен препараттармен ғана емдеуге рұқсат етілмек. Себебі кей жағдайларда дәрі сапасы көңіл көншітпейді. Бұл салада енді қадағалау қатты болмақ, ерте кездегі диагоностикаға қатысты да жүйелі жұмыс керек.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04