Павлодар облысында техникалық қауіпсіздікке жауапты маман қамауға алынды
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында оқыс оқиғадан мерт болған адамдар бүгін жер қойнына тапсырылды.
Осы оқиғаға байланысты тауарлы-сүт фермасындағы техникалық қауіпсіздікке жауапты маман қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам конвейерлік тазалау қондырғысының үзіліп қалған лентасын жалғау үшін төменге түскен. Сол жерде аммиак иісіне тұншыққан.
Дерекке қарағанда, кәсіпорында техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Тіпті, қорада аммиак иісі мүңкіп тұрған. Оның үстіне жұмыскерлерде зиянды газдан қорғайтын респиратор болмаған. Сондықтан ертеңнен бастап ведомствоаралық комиссия өңірдегі тауарлы-сүт фермалары мен мал ұстайтын ірі шаруашылықтардағы қауіпсіздік шараларын тексермек.
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04