Испаниядағы өрттен 11 адам қаза тапты
Испанияның Альмерия провинциясында орман өртінен 11 адам қаза тапты. Олардың 4-і Британия азаматы. Тағы 19 адам жоғалып кеткен. Марқұмдардың бір бөлігі ресми эвакуация бағытымен жүруден бас тартып, басқа жолға түсіп, түтін арасында адасып кеткен. Өңірде орман өрті бейсенбіден бері қаулап жатыр. Тілсіз жауға электр беру желісінің тірегі құлауы себеп болған. Шөп өртеніп, жалын тез тарап кеткен. Жалпы, 3 мың гектардан аса алқап өртеніп кетті. Оның үстіне елде 40 градус аптап ыстық. Өртпен күреске 300-дей маман тартылған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04