Астанада қоқыс полигонындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр
Астанада қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі тоқтаған жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты құрылымдар, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорын қызметкерлері тілсіз жаумен тәулік бойы күресіп жатыр. Қалың түтін мен биік қоқыс үйінділері жұмыстарды қиындатып отыр. Осы уақытқа дейін өрт ошақтарын жабуға 2 600 тоннаға жуық инертті материал жеткізілді. Қазіргі таңда жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.
Өміржан Тұқышев, қалалық ТЖД бастығының м.а.:
Қазір өрт сөндіру құрылғылары үздіксіз беріліп, аумақ инертті материалмен жабылып жатыр. Жұмыс тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде. Өрт орнында Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың 100-ден астам қызметкері және 77 өрт техникасы жұмылдырылған. Өртті мүмкіндігінше тезірек толық сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Автор
Торғын Мелісқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04