Бір мезетте 140 домбырашы «Балбырауын» күйін орындады
Алматыда Ұлттық Домбыра күніне орай 140 домбырашы бір мезетте әйгілі «Балбырауын» күйін тартты.
Ұлттық өнер ұлықталған флешмобқа кәсіби музыканттар мен мектеп оқушылары қатысып, күй өнерінің сабақтастығын көрсетті. Іс-шараға Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің музыканттары мен аудан мектептерінің жас домбырашылары қосылды. Күмбірлеген күй мерекелік кештің көркін кіргізіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Мұндай бастама жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, күй өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған. Флешмобтан кейін амфитеатр алаңында «Аңыз домбыра» концерті ұйымдастырылды.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04