Инвесторлар құқығын қорғаудың бірыңғай стандарты енгізіледі
Бас прокурор Берік Асылов инвесторлардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай стандарты енгізілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, заңнамадағы өзгерістер бизнесті қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін күшейтеді. Енді инвесторлардың құқықтарын қорғауға қатысты прокурорлық қадағалау актілері мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар үшін міндетті болады. Сонымен қатар Бас прокурорға еліміздің барлық өңірінде инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеудің бірыңғай тәртібін белгілеу өкілеттігі берілді. Бұл өңірлер арасындағы әркелкілікті жойып, барлық аймақтағы инвесторлардың құқықтарын қорғаудың бірдей әрі қатаң стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04