Халықтық Конституция – әділетті қоғамның негізі
Халықтық Конституция – қоғамның сұранысы мен азаматтардың мүддесіне негізделген құжат. Оның негізгі ұстанымы – әрбір адамның құқығы мен бостандығын қорғап, заң үстемдігін қамтамасыз ету. Мұндай қағидаттар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, елдегі тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Нәтижесінде Қазақстан экономикасының дамуына және әділетті қоғам құруға берік негіз қалыптасады, дейді тұрғындар.
- Еліміздің жаңа Конституциясы халық болып қабылданды. Сондықтан, Халықтық Конституция деп айтсақ та болады, ол жақта бірнеше басым бағыттар көрсетілген. Сондықтан да еліміздің осы бағыттары арқылы еліміздің дауы жаңа деңгейге өтеді деген үміттеміз.- ҚР Конституциясында білім мен ғылым стратегиялық бағыт ретінде айқындалған. Бұл біздің жастарымызға сапалы білім алып, ғылыммен айналысып, біздің еліміздің дамуына өз үлесін қосуға жақсы мүмкіндік береді.- Мен үшін ең басты өзгерістердің бірі – азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғау тетіктерінің күшеюі және мемлекеттік істерге, ел басқару істеріне халықтың белсенді араласуына жол беруі болды. Одан кейін елімізде заң үстемдігін нығайтуға, Қазақстанды тұрақты дамытуға, демократиялық дамуға өз серпін береді деп ойлаймын.
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04