Қазақстанның табиғи байлығы халық игілігі үшін сақталады
Мемлекеттің ең басты байлығы – біздің жеріміз. Конституцияда өте маңызды
әрі тарихи әділдікке негізделген қағида жазылған: «Жер және оның қойнауы, су,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі». Бұл – осы ұлан-ғайыр даланың әрбір сүйемі, өзен-көлі мен қазба байлығы сіз
бен біздің, яғни Қазақстан халқының ортақ меншігі деген сөз. Ал мемлекет бұл
жерде «басқарушы» рөлін атқарады. Ол халық
атынан меншік құқығын жүзеге асырады. Мемлекеттің міндеті – осы байлықты тиімді
пайдаланып, оның игілігін әрбір азаматқа жеткізу. Жер – біздің тарихымыз бен
болашағымызды біріктіретін алтын көпір. Оған иелік ету – халықтың құқығы, оны
қорғау – мемлекеттің міндеті, ал оны аялау – бәріміздің борышымыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10