Ливанға босқындар жүз-жүз мыңдап оралуда
Ливанның оңтүстігінде соғыстан қашқан 400 мыңдай босқын үйлеріне оралды. Алдағы апталарда тағы мыңдаған адам елді мекендерге қайтуы керек. Мұны осы Араб республикасының әлеуметік мәселелер жөніндегі министрлігі хабарлады.
Израиль армиясы Иранды жақтаған «Хезболла» жасақтарына наурыздың басында соққы беруге кірісті. Содан бері 1 миллионнан астам адам үйлерін тастап кеткен. Олардың кері көшуі қалыпты өмірге оралуды білдірмейді. Өйткені әскери қақтығыс кезінде 90 мыңға жуық баспананың тас-талқаны шыққан немесе жартылай зақымданған.
Айта кетсек, өткен аптада АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен Ливан негіздемелік келісімге қол қойды. Оған сәйкес Израиль басып алған жерлер Ливан армиясының бақылауына қайтарылып, «Хезболла» қаруын тастауы керек.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10