Ресейде студент саны 40% қысқарды
Ресейде студент саны 40 пайызға қысқарды. Көрші ел бірінші қыркүйектен бастап Болон жүйесінен түбегейлі шығады. Сондықтан елде студент саны күрт азайды. Мамандар 2032 жылға дейін жоғары оқу орындарында оқитындар кеми беретінін айтады. Оқу орындарының саны да екі есе қысқарған. Ресей Болон жүйесінен шыққан соң жоғарғы оқу орындарында бұрынғыдай қос деңгейлі жүйе – 4 жылдық бакалавриат, және 2 жылдық магистратура болмайды. Оның орнына кеңестік замандағы «специалитетке», яғни 5-6 жылғы оқуға оралу қарастырылған. Ал магистратураның орнына мамандандырылған жоғары оқу орны, 1-3 жылдық білім бағдарламасы енгізіледі.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04