5 мың сәбидің кіндігін кескен акушер
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында 40 жыл бойы акушер болып еңбек еткен кейуана тұрады. Ол бес мың сәбидің кіндігін кескен.
Сара Ниетқалиева жақында 85 жасқа толды. Еңбек жолын 1965 жылы Жетікөл ауылында бастаған. Байырғы дәрігер саналы ғұмырын денсаулық саласына арнады. Депутат болып, қоғамдық іске де белсене араласты. Ертеректе аттың жалында, түйенің қомында дүниеге келген талай шақалақтың кіндігін кескенін еске алды.
Сара Ниетқалиева, Еңбек ардагері:
Баланың теріс келгенін байқаймын, қолмен қараймыз. Рентгенге де жібермейміз. Қазір ай сайын УЗИ-ге жібереді. Бізде УЗИ деген жоқ. Қазіргідей байланыс жоқ, телефон жоқ. Хирург те, бала педиатр да, терапевт те өзім. Акушер-гинеколог та өзім. Бәрін өзіміз жасадық.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10