Канада құрамасы Қатарды ойсырата жеңді
Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Канада құрамасы Қатарды 6:0 есебімен талқандады. Ванкуверде өткен В тобындағы бұл матч қызықты оқиғаларға толы болды. Қатар екі қызыл карточка алып, өз қақпасына гол соқты, ал төреші бір пенальтиді жойды. Ойынның 16-минутында алаң иелері есеп ашты. 29-минутында Хонатан Дэвид есепті еселеді. Қатарлық қорғаушы Хомам әл-Амин дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Төреші алдымен пенальти белгілегенімен, кейін шешімін өзгертті. Қарсыласын жарақаттаған Ассим Мадибо да қызыл карточка алып, Қатар алаңда 9 ойыншымен қалды. Ойынның 75-минутында катарлық қорғаушы Аль-Маннаи өз қақпасына автогол соғып алды, есеп 5:0 болды. Одан кейін, Хонатан Дэвид хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04