Креативті индустрияны дамыту жөніндегі конференция
Жаңа Конституцияда «тарихи-мәдени мұраны сақтау» мен «төл мәдениетті қолдау» алғаш рет негізгі қағидат ретінде айқындалды. Премьер-министр Олжас Бектенов Санкт-Петербургте өткен халықаралық конференцияда осылай деді. Іс-шараға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның министрлер кабинеті қатысты. Жиында ТМД аясындағы мәдени ынтымақты дамыту жайы қаралды. Олжас Бектенов Қазақстанда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ Жаңа конституция күшіне енгеннен кейін іске асатын бастамалар жайында айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өткім келеді. Одан бөлек, жаңа Конституцияда зияткерлік және шығармашылық қызметті қорғауға кепілдік берілген. Жаңа жұмыс орындары қалыптасып, креативті индустрияны дамыта түсеміз.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04