Португалия - Конго ДР матчы күтпеген нәтижемен аяқталды
Португалия құрамасы К тобындағы бірінші тур матчында Конго Демократиялық Республикасы командасымен тең түсті. Ойын АҚШ-тың Техас штатындағы «Эн-ар-джи» стадионында өтті. Португалиялықтар есепті бірден ашты. Матчтың 6-минутында Жоау Невеш қапталдан бағытталған пасты баспен қағып, қақпаға енгізді. Дегенмен, африкалықтар бірінші таймның соңында есепті теңестірді. Йоан Висса да қапталдан асырылған допты баспен соғып, голға айналдырды. Екінші таймда португалиялықтар допқа көбірек иелік етті. Матчтың қорытынды есебі - 1:1.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04