АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады
Иран төңірегіндегі жағдай қайта ушығып барады. Өткен
тәулікте Құрама Штаттар Ислам Республикасына екінші күн соққы берді. Шабуылға ұшыраған
нысандар қатарында әскери бақылау құралдары, байланыс жүйелері және әуе қорғанысы
бар. Мұны АҚШ-тың орталық қолбасшылығы хабарлады. Ал президент Дональд Трамптың
сөзінше, америкалық әскерилер Ормұз бұғазынан 100 миллион баррель мұнай тиелген
кемелердің өтуіне көмектескен. Тегеран болса, АҚШ-тан кек алу үшін оның
Кувейттегі, Бахрейндегі, Иорданиядағы әскери базаларына зымыран атты. Тағы бір
айта кететін жайт, Вашингтон Иран Ормұзды толық жапты деген ақпаратты жоққа шығарып
отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10