АҚШ Иранға соққы берді
АҚШ әскерилері Иранның әуе
қорғаныс жүйелері мен радарларына соққы берді. Содан кейін АҚШ-тың бас
қолбасшылығы шабуылды тоқтатқанын мәлімдеді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп мұның
алдында Тегеранды Ормұз бұғазы үстімен ұшып бара жатқан америкалық
"Апачи" әскери тікұшағын атып түсірді деп айыптады. Тікұшақтағы қос
пилот аман қалған. Ал Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елдің қуатты
қарулы күштері бірде бір шабуылды жауапсыз қалдырмайтынын ескертті. Кейін «Тасним» агенттігі Иран АҚШ-тың өңірдегі нысандарына зымыран жіберді
деп хабарлады. Бұған қоса Аракчи әлеуметтік желідегі жазбасында шетел әскеріне
қауіп төніп тұрғанын ескертіп, оларды ел аумағынан кетуге үндеген.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04