Биыл Қызылорда облысында 1 трлн теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады
Сонымен қатар Президент Қызылорда облысының жақында тағайындалған әкімі Мұрат Ергешбаевты қабылдады. Оның сөзінше алдағы, үш жылда өңірде 1 триллион 900 миллиард теңгеге 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Биыл 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы жүргізіледі. Жақында Бейнеу – Сексеуіл тас жолы салына бастайды. Мемлекет басшысы облыс әкіміне экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, экологиялық ахуалды ілгерілету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Мұрат Ергешбаев, Қызылорда облысының әкімі:
Бүгінде өңірде Президенттің тапсырмасына сәйкес 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 орындық емхана, 200 орындық перинаталдық орталық, жаңа драма театры мен заманауи кітапхананың құрылыстары жүргізіліп жатыр. Қызылорда – Ақтөбе автожолын кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10