Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
Соңғы мәліметке қарағанда, Конго Демократиялық Республикасында эболадан қайтыс болғандар саны 139-ға жеткен. 600-ге жуық тұрғын қауіпті індетті жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды. Ал Конгоға көршілес Угандада бір адамның көз жұмғаны мәлім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа шалдыққандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Эболаның қазір тарап жатқан штаммына қарсы вакцина әлі дайын емес. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл эпидемияны өзге екпелердің көмегімен тоқтату мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04