Ақтөбе облысында қылмыстық топ анықталды
Ақтөбе облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеуге қоюмен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Мемлекетке келген шығын 705 млн теңге.
Қаржылық мониторинг агенттігі өңірлік департаментінің қызметкерлері прокуратура
мамандарымен бірге тергеу амалдарын жүргізді. Нәтижесінде, қылмыстық топтың
міндетті төлемдерден жалтарып, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының
аумағында 82 автокөлікті заңсыз тіркегені дәлелденді. Топ құрамында мемлекеттік
автоинспектор мен нотариус қызметкері де бар. Клиенттерді мессенджерлер мен
өзге де интернет ресурстар арқылы тапқан. Күдіктілердің бесеуі қамалып, үшеуі
үйқамаққа жіберілді. Оларға тиесілі 2 млрд 400 млн теңгенің мүлкі бұғатталды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10