Сенат жаңа ордендерді мақұлдады
Мемлекеттік марапаттар қатары жаңа ордендермен толықты. Сенат тиісті заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Жаңа мемлекеттік наградаларды енгізу бастамасын бұған дейін Президент көтерген. Енді «Al-Farabi» ордені білім мен ғылым, мәдениет және рухани даму салаларында Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін табысталады. Ал «Qoja Ahmet Yassaui» ордені ел дамуына ерекше үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі. Сондай-ақ «Мейірім» ордені жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылыққа, оның ішінде меценаттық және филантропиялық қызметке елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттауға арналған.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10