Астанада Отан қорғаушы күніне арналған плац-концерт өтті
Астанада Отан қорғаушы күні мерекесіне орай Қазақ елі алаңында ауқымды плац-концерт өтті.
Мерекелік шараға
барлық күштік құрылымдарының өкілдері қатысып, әскери техника мен қару-жарақ көрмесі
ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында арнайы мақсаттағы бөлімшелердің көрсетілімі,
құрмет қарауылының дефилесі көпшілік назарына ұсынылып, біріккен оркестр
Мемлекеттік әнұранды орындады. Концертте Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс
министрлігі, Ұлттық ұлан және шекарашылар жиналғандарға патриоттық әндер мен
хореографиялық қойылымдарын ұсынды. Қала тұрғындары мен қонақтары әскери қызметшілердің
өнері мен саптық дайындығына жоғары баға берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша,
плац-концерт ел бірлігі мен патриотизмнің жарқын көрінісіне айналды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04