«Ауыл» партиясының мүшелері қан тапсырып жүр
«Ауыл» партиясының мүшелері Астана маңындағы елдімекендерге барып қан тапсырды. Партия бірнеше жылдан бері Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп «Мен донормын» науқанын өткізіп келеді. Өткен айда барлық филиалда бір мезетте 1000 адам қан тапсырды. Былтырдан бастап жылжымалы қан тапсыру акциялары ұйымдастырылып, Астана маңындағы аудандар мен ауылдарды қамтыды.
Анас Баққожаев, Мәжіліс депутаты:
Алдағы уақытта қаланың орталығында, әр шағын ауданында, сауда орталықтарында арнайы орындар, бекеттер ашылуы керек деп есептейміз. Бұл адамдарға ыңғайлы болуы керек. Алысқа бармай, жақынға барып тапсыра салу жеңіл, қолжетімді болса көп адам осыған барады деп ойлаймын.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04