Ақтөбеде туыстарына үй үлестірген шенеунік сотталды
Ақтөбеде туыстарына кезектен тыс пәтер алып берген әкімдік қызметкеріне сот үкімі шықты. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы өзі қызмет еткен уақытта тұрғын үй қорындағы пәтерлерді заңсыз жекешелендіріп келген. Осылайша 15 адамның кезектен тыс, заңсыз баспаналы болуына ықпал еткен. Олардың арасында туыстарынан бөлек әріптестері де бар. Кейбірі оңай жолмен келген баспананы көп ұзамай жекешелендіріп, сатып жіберген. Айыпталушы сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10