Тегеран мәселені келісім арқылы шешуді қолдайды
Иран мәселелерді әркез диалог пен келісім арқылы шешуді қолдайды және бұл ұстанымын әрі қарай жалғастырады. Иран президенті әлеуметтік желіде осылай деп жазды. Сонымен бірге Масуд Пезешкиан міндеттемелерді бұзу, блокада мен қоқан-лоққы көрсету келіссөзге кедергі екенін мәлімдеді.Тегеранның ұстанымына сай, бітім шарттарының бұзылуы Ормұз бұғазын ашуға мүмкіндік бермей отыр. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп екі апта бұрын жарияланған бітім мерзімін ұзартты. Бұған қоса жұмаға қарай келіссөздің екінші раундына қатысты жағымды жаңалық болатынын мәлімдеді. «Рейтер» агенттігінің мәліметіне сай, бұл кездесу апта соңында өтуі мүмкін.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04