Үздік экологиялық жобалар анықталды
Студенттер арасында үздік экологиялық жобалар анықталды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен CYCLELAB конкурсының үздіктері бүгін Астанада марапатталды. Бас жүлде медициналық қалдықтарды қайта өңдейтін технологияны ұсынған студенттерге бұйырды. Байқауда қалдықтарды қайта өңдеу, ақылды сұрыптау жүйесі және есеп пен логистикаға арналған цифрлық шешімдер сынды бірқатар бағытқа басымдық берілген. Жүлде қоры 3 млн 700 мың теңге. Байқау экологияға жауапты қоғам қалыптастыруды және елдің тұрақты болашағына бағытталған инновацияларды қолдауды мақсат етеді.
Абылай Күмісбек, студент:
Бір ай уақытында біз медициналық қалдықтарды зерттедік. Қаншалықты ол бізде қауіпсіз, я қауіпсіз емес. Қайта өңдеу арқылы біз құрылыс жабдықтарын жасаймыз, сосын күнделікті құралдар. Сіз қолданатын микрофон, рамкалар пластиктен, қағаздар және т.б. құрал-жабдықтар жасауға қолданамыз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10