Түркиядағы Израиль консулдығын атқылады
Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Израиль консулдығына бүгін түс кезінде оқ атылды. Ғимаратқа оқ жаудырған үш адамның бірі полициямен қақтығыста оққа ұшты. Қалған екі қылмыскер жаралы күйінде қолға түсті. Түркия Ішкі істер министрі таратқан ақпаратқа сай, оқиға орнына жалға алынған автокөлікпен Измит қаласынан келген үш адам екі жылдан аса бос тұрған ғимаратқа қарай оқ ата бастаған. Сол жерде болған екі полиция қызметкері жеңіл жараланды. Көп ұзамай оқиға орнына полицияның арнайы жасақтары келіп, оқ атқандарды қолға түсірді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Дәуіт Гүл, Ыстанбұл губернаторы:
Израиль консулдығы ғимараты екі жарым жылдан бері қызмет көрсетпейді. Яғни ғимарат ішінде бірде-бір дипломат немесе консулдық қызметкері жоқ. Бұл провокациялық шабуылды ұйымдастырған үш адамның да кім екендіктері анықталды. Тергеу жүріп жатыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Читайте также
ВсеЕл тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08