Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
Тараздықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай жиналып, 10 мың түп ағаш отырғызды. Ел бірлігін паш еткен тұрғындар алдымен шаһар шетіндегі «Қызылабад» алқабына жиналды.
Белгіленген уақытта бас біріктірген бұқара табиғаттың қатал мінезіне төзімді қара ағаш тұқымын отырғызды. Игі шараға 600-ге жуық адам атсалысты. Олар ағаш егіп қана қоймай, «Қарасу-2» каналының бойын тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинады. Жалпы биыл «Жасыл белдеу» жоспары бойынша 20 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Енді күзге қарай тағы 10 мың түп егіледі.
Талат Кеншінбек, Тараз тұрғыны:
Көңілдері жайсаң, жақсы, керемет, кәдімгі қуаныштарында шек жоқ. Көрініп тұр азаматтардың осы қаламыздың көркейіп, дамуына үлес қосуына келіп отырғандары осы адамдардың көңілінен байқауға болады. Көгалдандыру мәдениетін тоқтатпай, осылай дамыта берсек бұл жастарға, қосылып жатқан жастарымызға көп үлгі болар еді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10