Жер ресурстарын басқару жөнінде ақпараттық жүйе құрылады
- Елде жер ресурстарын басқару үшін арнайы ақпараттық жүйе құрылады. Бұл туралы парламенттік тыңдау барысында айтылды. Цифрлық платформада жер учаскелерінің аумағынан бастап геоботаникалық деректерге дейін болады. Бұл шаруаларға егінге кіріспей тұрып топырақтың құнарлығы жайында ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осылайша олар жылдағыдан еселеген көлемде өнім жинай бастайды, дейді мамандар. Жоба Ақмола облысында сынақтан өтіп жатыр. Жыл соңына дейін республика бойынша қолданысқа енеді.
Мәулен
Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Осылайша біз жекелеген мемлекеттік қызметтерді цифрландырудан ресурстарды және процестерді смарт басқару жүйесіне кезең кезеңмен көшуді қолға алып отырмыз. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттарды жетілдіруге үнемі баса мән беріп келеді.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04