Ұлытау облысында 3 млн долларға бағаланатын есірткі тәркіленді
Ұлытау облысында қара нарықтағы құны 3 миллион доллар болатын есірткі тасымалдағандар қолға түсті. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің хабарлауынша, мамандар «Жезқазған – Қарағанды» жолымен кетіп бара жатқан көлікті тоқтатып, тінтіген. Тексеру кезінде 13 бөлікке бөлінген 300 келіден астам қарасора табылған. Есірткі тасымалдауға қатысты 5 адам ұсталып қамауға алынды. Тәртіп сақшылары олардың апиын саудалау жолдарын алдын ала бақылап, аңдып отырған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу басталды.
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10