Digital Battle жеңімпаздары анықталды
Шымкентте Digital Qazaqstan форумы аясында өткен ұлттық стартаптар бәйгесінде үздіктер анықталды. Өңірлік кезеңдерден іріктеліп шыққан 20 жоба финалда 19 млн теңге жүлде қоры үшін бақ сынады. Нәтижесінде gro.now маркетингтік зерттеу платформасы бас жүлдені иеленді. Cortex AI медициналық жүйесі екінші орынға тұрақтаса, балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға арналған AR Sana жобасы үздік үштікті түйіндеді. Сонымен қатар көрермен таңдауы бойынша Qalam AI стартабы 1 млн теңге сыйақыға ие болды. Диджитал баттлға қатысқан өзге де финалистер жобаларын кең аудиторияға таныстырып, инвесторлармен байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04