Ақмола облысында 38 отбасы баспаналы болды
Ақмола облысының Аршалы ауданында реновация бағдарламасымен 100 пәтерлі баспана пайдалануға берілді.
Жаңа тұрғын үй екі қабатты ескі ғимараттың орнына салынды. Баспана жылдар бойы кезекте тұрған 38 отбасына берілді. Ақмола облысында былтыр 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл тек реновация бағдарламасы аясында 26 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған.
Бақытгүл Шевелова, Астарахан ауылының тұрғыны:
Бүгін қуанышты күн. Бәленбай жыл күтіп, үй беріліп жатыр. Менің 5 балам бар. Біреуі қайтыс болған. Сол қайтыс болған қыздың екі жиені өзімізде. Өсіріп жеткіздім, колледжде оқиды. Өзім биыл зейнетке шықтым. Міне, үй беріп жатыр, үйлі болып жатырмын. Қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10