Таяу Шығыстағы Қазақстан дипломаттары қандай жағдайда елге қайтарылады?
Таяу Шығыс өңіріндегі қазақстандық дипломаттар әзірге қызметін жалғастырып жатыр. Бұл туралы Мәжілісте Ермек Көшербаев мәлімдеді. Сыртқы істер министрінің айтуынша, өңірдегі ахуалға байланысты Қазақстан 10 мыңнан астам азаматты елге қайтарған. Елден кеткісі келгендердің барлығы эвакуацияланған. Шетелде қалуды таңдаған азаматтар да бар. Министр сондай-ақ аталған өңірден консулдық қызметкерлердің отбасы мүшелері мен балалары шығарылғанын айтты. Ал дипломаттардың өздері жұмысын жалғастырып жатыр.
Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрі:
Елшіліктерде қазір тиісті елшіліктің жұмысына қызметкерлер ғана қалған. Жағдай ахуал нашарлау болатын болса, оларды да шығарамыз. Бірақ қазіргі кезде бірде-бір елшілікте елшіліктің қызметкерлері елшіліктен жұмыстан кеткен жоқ.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10