ШҚО-да 52 мыңнан аса адам ЖРВИ жұқтырған
Шығыс Қазақстан облысында биыл 1 қаңтардан бастап бүгінге дейін 52 мыңнан аса адам жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан. Науқастардың 31 мыңға жуығы 14 жасқа дейінгі бала. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының айтуынша, осы қыстан бері өңірде тұмауға шалдыққандар туралы дерек тіркелмеген. Есесіне аймақта қаңтар мен наурызда басқа респираторлық вирус таралып жатқаны анықталды. Зертханалық зерттеудің нәтижесі бойынша көбінесе риновирус, коронавирус және респираторлық синцитиальды вирустың тарағаны анықталды. Дегенмен санитарлық-бақылау департаменті облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты және ерекше бақылауда, екенін хабарлады. Карантиндік шектеу енгізуге ешқандай негіз жоқ.
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04