Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады
Астана уақытымен таңғы сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы жанындағы референдум учаскесі жабылды. Осылайша шетелдегі дауыс беру толық аяқталды. Уақыт айырмашылығына байланысты дәл осы Сан-Францискодағы учаске шетелдегі референдумды қорытындылаған соңғы нүкте болды. Қазір комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті. Сыртқы істер министрілігінің мәліметінше, шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады. 54 елде 12 740 Қазақстан азаматы өз таңдауын жасады. Бұл шет елде жүрген қазақстандықтардың 88,6%-ы дауыс беруге келгенін көрсетеді.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04