Референдумда волонтерлер белсенділік танытып жатыр
Ақмолалық волонтерлер референдум күні де белсенділік танытып, ел өміріндегі маңызды науқанда өз таңдауларын жасады. Сондай-ақ, экологиялық акцияларын да назардан тыс қалдырмады,- дейді өңірдегі тілшіміз Бибінұр Әмірханқызы. Әріптесіміз қазір бізбен байланысқа шығып отыр.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген референдумге көкшетаулық волонтерлер белсенді қатысып жатыр. Көңіл-күйлері көтеріңкі. Қайырымдылық жасаудан танбайтын жастар бұл күні өз таңдауын жасап қана қоймай, жалғызілікті қариялардың аулаларын қардан тазартып, азық-түлік себеттерін таратуға үлес қосты. Ақмола облысында бүгінде 89 волонтерлік ұйым тіркелген. Онда шамамен 3600-ден астам ерікті жұмыс істейді. Қазір менің жанымда еріктілердің бірі Дидар Хамзин тұр. Дидар, көңіл-күйлеріңіз қалай?
Мен тұрған №18 референдум учаскесіне халық әлі келіп жатыр. Жалпы, облыста бүгінде 760
референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Кешкі 8-ге дейін 511 мыңнан астам
ақмолалықтың дауыс беру мүмкіндігі бар.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10