Қазақстан қыздары Татарстандағы сұлулық байқауына қатысты
Қазақстандықтар Қазандағы БРИКС+ елдері арасындағы алғашқы сұлулық байқауына қатысып, жүлделі оралды. Ольга Мигунова, Аида Жанқылыш және Арина Каторгина Mrs, Miss және Little Miss категорияларында бақ сынады. Ольга Мигунова бірінші вице-миссис атанса, Арина Каторгина көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды. Байқауға 17 елдің өкілі қатысқан. Қазақтың ұлттық киімі көптің көңілінен шығып, онлайн дауыс беру бойынша да Қазақстаннан келген қатысушылар алдыңғы орынға шықты.
Ольга Мигунова, байқау жүлдегері:
Мұндай байқауға бірінші рет қатысып тұрмын. Мен үшін бұл үлкен тәжірибе. Басында шақырту алғанда қобалжыдым. Бұл бәсекеде тек сыртқы келбет емес, ішкі жан дүние, интеллектіге де мән берілді.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04