Сенат төрағасы Иран елшілігіндегі көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, Иран халқына көңіл айтты. Елші Әли Акбар Джоукармен кездесіп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Ол елдің рухани көшбасшы Аятолла Сейед Әли Хаменеидің, мемлекет басшылығы өкілдерінің және бейбіт тұрғындардың қаза болғаны туралы суыт хабарды аза күйзеліспен қабылдадық, - деді. Қазақстанның қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесуге дайын екенін айтты. «Қарулы қақтығыстар кезінде бейбіт халық пен азаматтық нысандарды қорғау - басты міндеттердің бірі екені анық. Қазақстан бұл бағыттағы жаһандық бастамаларды қолдайды. Жағдай тезірек тұрақталып, жанжал реттеледі деп үміттенеміз» деді Мәулен Әшімбаев.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04