Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Сербия Президенті келді. Әуежайдан Александр Вучичті Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Ресми сапар аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 7,5 пайызға өсіп, 107 млн доллардан асты.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10